КММ " Опан ауылының  негізгі  орта мектебі"
КГУ "Основная средняя школа  села Опан "

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік пен «Менің Атамекенім» ҚБ  арасында мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы жасалған келісім аясында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. atamekenim.kz порталы арқылы жыл бойынғы форматқа көшірілді.

Пандемия нәтижесінде туындаған экономикалық дағдарысқа байланысты, жаңа оқу жылы қарсаңында, ата - аналар арасында осы акцияның жүзеге асуына қатысты теріс қоғамдық резонанс қаупі бар.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Мектепке жол» платформасының қызметі туралы ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық арасында кең ақпараттық -түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Азаматтардың орта білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларға көмек көрсетуде қайырымдылық қорларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуді сұрайды.

Балалардың қамтылуын көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 2021 жылғы 15 тамызға дейін хабарлансын.


Текст