Өрт қауіпсіздігі күніне орай ұйымдастырылған тәрбие сағаты
05.03.2025
2025 жылдың 14 ақпан күні мектебімізде Өрт қауіпсіздігі күніне орай тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шара барысында оқушылар өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысып, өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді. Сонымен қатар, өрттің алдын алу және оның салдарымен күресу шаралары түсіндірілді. Астана қаласының №16 Өрт қауіпсіздігі Азаматтық қорғау кіші сержанты Баяболат Бекзат өрт болған жағдайда эвакуация жасау тәртібі мен қауіпсіздікті сақтау жөнінде, өрт болған жағдайда терінің зақымдану дәрежелерін және 1 көмек көрсету жолдары туралы ақпарат беріп тәжірибеде көрсетті. Оқушыларға өрт кезінде өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу керектігі туралы кеңестер берілді.Бұл тәрбие сағаты оқушыларға өрт қауіпсіздігін түсіндіріп, олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.