Өрт қауіпсіздігі күніне орай ұйымдастырылған ата аналар жиналысы
05.03.2025
2025 жылдың 14 ақпан күні мектебімізде Өрт қауіпсіздігі күніне орай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектептің барлық сыныптарынан ата-аналар қатысты. Шара барысында өрт қауіпсіздігі ережелері мен балалардың қауіпсіздігі туралы маңызды тақырыптар талқыланды.Жиналысқа аға тәлімгер, мектеп психолгы қатысып, ата-аналарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар туралы кеңестер берді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды өрт қауіпсіздігі туралы дұрыс біліммен қаруландырудың маңызы түсіндірілді. Олар балаларға өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ету әдістерін үйретіп, отбасындағы қауіпсіздікті сақтау жолдарын қарастыру керектігін атап өтті. Ата-аналар жиналысында өрттен қорғану құралдарын қолдану, эвакуация тәртібі мен балаларды бақылауда ұстау жайында пікір алмасты. Ата-аналарға өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылды. Бұл іс-шара ата-аналардың өрт қауіпсіздігі бойынша өз білімдерін жетілдіріп, балаларымен бірге қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.