Опан ауылының негізгі орта мектебінде 20 қыркүйек 10 қазаннан аралығында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар, "Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы" әдеби кеші, "Ұлы мұра" және "Ы. Алтынсарин шығармашылығы " тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына қызығушылығын ояту, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шарада оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен танысты. Оның шығармашылығы мен "Кел, балалар, оқы" және т.с.с өлеңдері оқылды. Ыбырай Алтынсариннің өмірі барлық кезеңдерге үлгі.
Аталған іс-шара жағымды эмоциялар тудыруға, өзінің шығармашылық күштерін барынша көрсетуге, патриоттық сезімдерін арттыруға; өзара сыйластыққа, толеранттылыққа тәрбиелеуге, тұлғааралық қарым-қатынастар деңгейін арттыруға; азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге, өзін-өзі тануды арттыруға ықпал етті.