КММ " Опан ауылының  негізгі  орта мектебі"
КГУ "Основная средняя школа  села Опан "

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп Күнін өткізу туралы білімді, 01.09.2019

№ 23 негізгі мектебі бойынша

1 – қыркүйек Білім күніне арналған

салтанатты жиынның қорытынды

есебі

      1 қыркуйек 2019 ж № 23 негізгі мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізіледі.

Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ, әлем сабағы. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн.  Юлий Цезарь: «Білім – ол қуат» деген.

          Бүкіләлемдік Білім күні – бірінші қыркүйекті тарихта осылай атаған.Бүкіләлемдік, өйткені мектеп ең маңызды әлеуметтік институт, бұл күні балаларды да, ересектерді де бірлестіріп осы шараға жинайды.

Дәстүр бойынша біздің мектепте 1 қыркүйек күні салтанатты шара Білім күні өткізіледі. Жазғы демалыстан кейін балалар қайта мектепке салтанатты шараға жиналды. Сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен, ұстаздарымен кездескендеріне өте мәз. Мектеп директоры Рахимова Г.К. жиналған балалар мен қонақтарды, мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мықты десаулық пен оқуда табыс тіледі. Дәстүр бойынша «Алғашқы қоңырау соғу рәсімі» бірінші сыныпқа келген Шамшиденова Айша мен 9 сынып оқушысы Бер Максимге тапсырылды.  

Биылғы жаңа оқу жылы 4 бірінші сынып оқушылары біздің мектептің табалдырығын аттады.

Сонымен қатар салтанатты шараға тоғызыншы сынып оқушылары да қатысты, олар үшін Бірінші қоңырау соңғы қоңырау болып соғылды. Салтанатты шарадан кейін оқушылар өз кабинеттеріне бірінші сабаққа тарады. Биыл «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ», «Сознательное поколение- светлое будущее» атты сынып сағаты өтті.

1 қыркүйек мерекесі әрқашанда көңілді және ұмытылмас мереке. Оқушылар мен мұғалімдерге жаңа табыс, шығармашылық тілейміз.

 

Аға тәлімгер: Статина М.В.


Текст