КММ " Опан ауылының  негізгі  орта мектебі"
КГУ "Основная средняя школа  села Опан "

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.05.2018

      Білім беру реформасы-Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз

етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі.Елбасы Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан 

халқына  Жолдауында:        «Білім берудің реформасы табысының басты

өлшемі- тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматының әлемнің

кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып

табылады»-деген болатын.

      Мектептегі басты тұлға –мұғалім екендігі белгілі.Технологиялар ерекше дамыған замамнның өзінде білім сапасын

қамтамасыз етудегі мұғалімнің рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтынын

халықаралық тәжірибелер көрсетуде.Білімді ұрпақты,бәсекеге қабілетті мамандарды

білікті мұғалімдер,кәсіби тұрғыдан жан-жақты дамыған кемел ұстаздар ғана

тәрбиелей  алады.Қазіргі таңда қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі білімді педагог кадрларды әзірлеу

және қалыптастыру,оның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері

білім беруді  дамытудың басым бағыттарының біріне айналып отыр.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын

арттыратын түрлі құжаттар қабылданып,бағдарламалар енгізілуде.Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп,еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары өткізілуде.

Осы кезге дейін оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып ,мектеп тәжірибесіне енуде. Мәселен, В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың «Ұжымдық оқыту әдісі»,М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»Ж.А. Қараевтың         «Деңгейлік саралап оқыту

технологиясы»және «Оқу мен жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау бағдарламасы»,Сындарлы оқыту теориясын ұйымдастыру. Еліміздің экономикалық өркендеуіне орай білім беру саласында елеулі өзгерістер енгізілуде.Соның

бірі  Назарбаев интеллектуалды мектебі мен Кембридж университеті біріккен білім беру жобасы деп айтуға болады.Бұл     «мега» жобаның басты мақсаты,тұтас  педагогикалық үрдістер өзгертіліп ,білім

берудің тиімді деп танылған жаңа технологияларын дүниеге әкеліп,сабақ  беру үрдісінде жүйесін табуда.

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012жылғы 17 ақпандағы №232 қаулысына сәйкес елімізде ТМД елдері

арасында ешқандай баламасы жоқ, біліктілік арттырудың жаңа жүйесі-«Өрлеу»біліктілігі арттыру ұлттық орталығы»-құрылды.Еліміздің ұстаздары  қысқа мерзімді курстардан өзге Кембридж  бағдарламасы бойынша 3 айлық

курстар және электронды оқыту курстарынан өтуде.Курстан алған білімдеріміз,меңгерген практикалық дағдыларымыз курсқа дейінгі жинақталған тәжірибемізді толықтыра түсуде.

   Өз тәжірибемде тарих пәнінде оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру,шығармашылық қабілетін дамыту,алған білімдерін іс-жүзінде.өмірде пайдалана білуге үйрету тұрғысында

жұмыс атқарып келемін.   Оның ішінде «Модульдік оқыту технологиясы» курсынан алған тәжірибем бұл

технологияның ерекшелігі –мұғалімнің даярлық жүйесі.Мұғалім бір оқу модуліне

бөлінетін сағат санын анықтап,оның мақсатын,мазмұнын ,нәтижелерін,сабақтың

ұйымдастыру формасын ойластырып,оқу модулін құрады.

 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы»алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

Сын тұрғысынан ойлау және оның бағдарламасы үш деңгейден тұрады.

Олар:

I. Қызығушылығын ояту.

II. Мағынаны тану.

III. Ой толғаныс.

Оқушының қызығушылығын ояту үшін бұрынғы білімін еске түсіріп,жаңа тақырып

туралы болжам жасатып және сауал қоюға үйрету қажет.

Ең бастысы «оқушылардың  сабаққа деген белсенділігін арттырып, білім деңгейін көтеру үшін қандай тәсілдер

қолдануға болады деген ?»сұраққа жауап  іздеп көрдім.Оқушылардың танымдық қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабағымның бірі-ойын сабақ.Мысалы «Абылай хан »

тақырыбын өткен кезімде «Бұл кім» ойынын өткіздім.Арғы атасы қанішер деп аталған қолбасшы қазақ халқының басын біріктірген,Қабанбайға жолдас болған. Атақты батыр,жоңғар шапқыншылығында батырлығымен көзге түскен,хан-батыр атағын халықтан алған,Бөгенбай батырдың досы. Мәселен 5 сыныпқа ойын жасындағы балалар келеді .Негізгі қызметі оқу болса да ,әлі де болса ойнағысы келіп тұрады.Бірден тарихи

оқиғаларға мән беріп түсініп,оның негізіне көз жіберуге қабілеттері жете бермейді.Сондықтан ойын арқылы оқытудың тиімді жақтары өте көп болады.Ойын сабағының артықшылығы біріншіден ,оқушының сабаққа деген  ынталығы артады, үнемі түсіндіріп 40 минут  тыңдағаннан оқушы да, мұғалімде  жалығады.Екіншіден ,сабаққа зауқы жоқ, жалқаулау,нашар оқитын оқушылардың да өзі де бұған белсене қатысады.Осылайша  өз ойын айтуға  ұялатын немесе ашық айтуға қиналатын оқушылардың мінезін, сабақты қалай сұрауға, айтқызуға болатынын түсінуге болады.

Үшіншіден ,өтілген  сабақтың мазмұны оқушының есінде ұзақ сақталады. Бұл деген мұғалімнің бірден-бір жетістігі десек артық айтпаған болар едік.Мағынаны тану кезінде оқушылар жаңа тақырыпты өз

бетімен түсініп,қабылдап,өзіне пайдасын алу керек-әр түрлі сұрақ қояды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек содан соң ойлану,толғану сатысында оқитын тақырыпты саралап,өздерінің не үйренгенін байқап,ойлауын тереңдете

түседі.

   «Өрлеу»біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған(Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы кезеңінде тарих пәнін

оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету) курстардан өттім.Бұл курс бұрынғыдан

өзгеше,жаңалықтарға толы,түрлі әдіс -тәсілдерді қамтыған.Сындарлы оқыту теориясын ұйымдастыру бағдарламасы негізінде өткізілді.Негізіг міндеті-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен

бағалауға көмектесу.Бағдарлама барысында педагогиканың әр түрлі аспектілері талқыланады.Мұғаліммен бірге оқушыға білім мен тәрбие беруде зор үлесі бар.Мұғалім бала бойындағы шығармашылық сапалардың болатындығын мойындап,әрі қарай дамытуы қажет.Ол үшін өзі де өзгеруі ,әсіресе дәстүрлі оқытудың

стеротиптерінен арылуы қажет.К.Д.Ушинскийдің; «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»деп бекер айтпаған.Жаңа форматтағы курстардың әдіс-тәсілдерін үйренгеннен тапқанымыз көп болды.Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің

білім беру саласына тереңірек сіңіссе,білімді де тәрбиелі,өз елін сүйетін,рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары сөзсіз.

Ал,жастар-еліміздің болашағы.Болашағымыз жарқын,еліміздің де іргетасы мығым

болса,өміріміз де әрлі болары сөзсіз.Сондықтан әрбір мұғалім осы оқыту әдісін

меңгеруден бас тартпауы тиіс деп есептеймін.Бұл курс аталған білімін өмірде қолдана

алатын,өзін таныта дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№23 негізгі мектебі Антоновка

ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын арқылы  оқыту

 

 

 

                                           

 

Просмотров: 366

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст