Биология пәнінен сыныптан тыс іс-шара
Жас биологтар
Мақсаты:
Оқушылардың биология пәніне
қызығушылығын оята отырып, алған білімдерін
тиянақтау.
Міндеттері:
-
Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін арттыру;
-
Топпен жұмыла жұмыс істеуге
үйрету:
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын
Көрнекі құралдар: слайдтар, диаграммалар,сөзжұмбақтар.
Оқушылар алдын-ала 2 топқа бөлініп, топтарына ат қояды.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Қайырлы күн құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі «Жас биологтар» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі жастар –
еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін
шыңдайтын интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ бағасын беретін
әділқазыларымызды сайлап алайық.
Алдымен сіздерді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1.
Ойлы болсаң, озып көр (диаграмма шешеді)
2.
Шешендік өнер
3.
Өзге тілдің бәрін біл...
4.
Есімде жақсы сақтаймын...
5.
Сөзжұмбақ
6.
Ауа-райы (рефлексия).
1-тур. « Ойлы болсаң, озып көр».
Оқушыларға слайд арқылы диаграмма көрсетіледі 2мин уақыт ішінде жасырынған
сөздерді табады.
2-тур. «Шешендік өнер»
Слайд арқылы түрлі суреттер көрсетіледі, оқушылар шыққан суреттерге
байланысты (пайдасы мен зияны туралы) шешендік өнерлерін көрсетеді.
Мысалы: Гүл- адам өмірінің сәні
Темекі- денсаулық дұшпаны
Пияз-мың бір ауруға қарсы ем
Қымыз-шипалы сусын.т.б
3-тур. « Өзге
тілдің бәрін біл...»
Мақалдарда жасырынған сөздерді тауып, оны орыс,ағылшын тілдеріне аудару.
1.
Қыз өссе елдің көркі
---- өссе жердің көркі ( гүл-цветок-flower)
2.Адам көркі -шүберек
---- көркі жапырақ ( ағаш-дерево-tree)
3.Бабалар еккен
шынарды
---- ----------------саялар (балалар-дети-children)
4. Біреуге жан қайғы
Біреуге ------ қайғы ( сиыр-корова- cow).
4-тур. «Есімде жақсы
сақтаймын...»
Оқушыларға 1 мин 20 сөз оқылады. Оқылған сөздерді есте сақтап, параққа жазу
ұсынылады. Берілген уақыт ішінде қай топ көп сөз жазса сол топқа 10ұпай
беріледі.
1.үй.2. орман, 3.жаңбыр, 4. Күнбағыс, 5. Жасуша,6. Жалбыз,7. Ауа,8. Жапырақ,9.
Шегіртке,10.құмырсқа,11. Құлпынай,12. Тұқым,13. Экология,14. Кептер,15.
Мүйізтұмсық
16. кесіртке,17. Микроскоп, 18. Жұлын,19.тамыр,20бунақденелілер.
5-тур. Слайд
арқылы сөзжұмбақ шешеді.
Осымен құрметті оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Әділқазылар қорытынды шығарғанша біз А4 қағазына сабақ соңындағы
көңіл-күйімізді ауа-райы белгісімен
салып көрсетейік.
Әділқазылар шешімі.
Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Биология пәнінен сыныптан
тыс іс-шара
«Жас
биологтар»
6-7-8 - сыныптар
Өткізген: Нурмагамбетова Б.С.